«Алаштың астанасы Қызылорда»

«Алаштың астанасы Қызылорда»
Бүгін Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы клуб қызметкерлерімен бірлесіп ҚСҚ клубында 13 қараша – Халықаралық зағиптар күні және Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай «Алаштың астанасы Қызылорда» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Жазмыштың жазуымен жанарынан айырылған жандарға арналған іс – шара жыл сайын аталып өтіледі. Биыл – ел тарихындағы ерекше белес. Қызылорда қаласының Қазақстанның астанасы болғанына 100 жыл. Бұл – ұлт рухын асқақтатып, елдік еңсемізді тіктеген тарихи кезеңді ұлықтайтын мерейлі жыл. Шараны кітапхана директоры Б. Арысбаев және Қазақ соқырлар қоғамы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының міндетін уақытша атқарушы К. Дәрібаева ашып берді. Шара барысында Қоғамның белсенді көз мүгедектерін Алғыс хатпен марапаттап, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
