Алаштың арда ұлы
Бүгін ҚСҚ клубында Алаш зиялысы, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Алаштың арда ұлы» атты ақпарат сағаты болып өтті. М. Дулатов қарға тамырлы қазақ үшін, айбарлы алты алаш үшін жанын қиған асыл арыстарымыздың бірі. Міржақыптың тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы Қазан қаласында «Оян қазақ!» деген атпен басылып шықты. 1910 жылы Қазандағы Каримовтар баспасынан «Бақытсыз Жамал» романы жарық көрді. Шараға қатысушы оқырмандар М. Дулатовтың өмір жолы мен еңбектерінен ақпарат алып, өлеңдерінен жақсы әсер алды. Қорыта айтқанда М. Дулатұлы – қазақ журналистикасын жаңа сапаға көтерген адам.

