Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мәлік Ғабдуллинің туғанына 110 жыл толуына орай «Қаламгер һәм қайраткер» тарихи-таным сағаты
Арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен қазақ соқырлар қоғамының клуб үйінде қазақ жазушысы, әдебиет зерттеушісі, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, КСРО педагогика ғылым академиясының академигі, Кеңес Одағының Батыры, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Мәлік Ғабдуллинің туғанына 110 жыл толуына орай «Қаламгер һәм қайраткер» атты тарихи-таным сағатты болып өтті. Шараның мақсаты: Жазушының өмір мен ерен ерлігі туралы кеңінен насихаттау. Мәлік ағамыздың «Менің майдандас достарым», «Алтын Жұлдыз», «Майдан очерктері», «Будни войны», «Достар, жолдастар жайлы», «Ызғарлы жылдар» атты көркем әдеби шығармаларынан үзінділер келтірілді.
