«Мәңгілік жаса, қыран елім»

Бүгін арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен 25 қазан - Республика күніне орай Қызылорда облыстық Ардагерлер үйінде «Мәңгілік жаса, қыран елім» атты мерекелік шара болып өтті. 2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлытау облысында ұлттық құрылтайда Қазақстан президенті Қасым–Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күнін қайтаруды ұсынған болатын. Бұл дер кезінде қабылданған шешім болды. Өйткені, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Декларация дәл осы күні қабылданып тарихи мерекелер санатына қосылған болатын.
Негізгі мақсатымыз Республика күнінің маңыздылығын көрсету, біздің басты байлығымыз – қоғамдық келісім мен елдің бірлігін, татулығын нығайту. Шара мемлекеттік Әнұранмен ашылып, патриоттық тақырыпта өлеңдер мен әндер шырқалды. Қатысушы оқырмандар рухани азық беретін кеш үшін алғыс білдірді.