«Кітапханашы – руханият жанашыры» мерекелік шара /24 қазан - Кітапханашылар күні/
Бүгін арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен оқуға ұсынылған 100 кітап тізіміне енген Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» атты романын талқылау болып өтті. Аса шеберлікпен жазылған романның оқырмандардың көңілінен шыққаны сол шығарманы оқырмандар келген жерінен бірінен кейін бірі іліп алып кетіп жалғастырып отырды. Кітапханашы Ақмарал Нүрлиева жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы және романда негізгі қозғалатын тақырыптар туралы қызықты әңгімелеп берді. Назира атты кейіпкер әйел арқылы қазақ халқының соғыс жылдарындағы өмірі суреттелген. Шара жоғарғы дәрежеде өтті.
