15қазан – Халықаралық «Ақ таяқ» күніне орай «Ақ таяғым – жан серігім» сырласу кеші
15 қазан - халықаралық "Ақ таяқ" күні. Елімізде 86 мыңнан астам зағип жандар бар екен. Бұл күн айналамызда мүмкіндігі шектеулі жандар тұратынын еске салу мақсатында әлемнің көптеген елдерінде аталып өтіледі. Оның тарихы 1921 жылдан бастау алған. Джеймс Бигс есімді Ұлыбритания азаматы зағип жан ретінде жүріп бара жатқан адамдардан ерекшелену үшін таяғын ақ түске бояуды ұйғарған. Кейін басқаларға да осындай кеңес береді. Аталған күнді атап өту мақсатында бүгін арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен І-ІІ топ көз мүгедектері ерлер және әйелдер арасында дойбыдан жарыс өтті.
Ерлер арасында: 1 орын-Жүсіп Сағат, 2 орын-Тобаев Аманбек, 3 орын-Дүзбай Тойбазар, 4 орын-Алиев Мерекеге бұйырды. Әйелдер арасында: 1 орын- Кеңесбаева Бибігүл, 2 орын-Жармахан Мейрамкүл, 3 орын-Бекжанова Айнұр, 4 орын-Сейітмаханова Ақерке иеленді.
