📍 Қызылорда обл., Қызылорда қ., Жургенова к-сі, 64а ☎️ +7 (7242) 23‒37‒08 ✉️ bnsg_kizilorda@vmail.kz
Q&A
» » «Еңбек ерлікке жеткізер»

«Еңбек ерлікке жеткізер»

Еңбек күні — бұл адамдардың жаңа еңбек шыңдарын бағындыруға, қолдауға және шабыттандыруға арналған мереке. Еңбек – әр қадамымыздың бастауы, әр табысымыздың негізі. 

Осы орайда арнаулы кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақ Соқырлар қоғамында қызмет жасап жүрген жұмысшы мамандардың қатысуымен  «Еңбек ерлікке жеткізер» атты кездесу кеші болып өтті. 

          Еңбекке құрмет – маңдай тер мен ауқымды істің қасиетін тану. Бұл мереке жұмысшы мамандардың қоғамдағы рөлін дәріптейді. Жас буынға адал жұмыспен нәпақасын табуды насихаттайды.